Қазақстандағы саяси реформалар Италия Парламенті депутаттарының назарына ұсынылды

2750

Римде Қазақстандағы саяси реформаларға арналған «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға қатысқан Италия Парламентінің депутаттары, талдау орталықтарының сарапшылары мен журналистер еліміздегі реформалар барысын талқылап, одан әрі орын алатын өзгерістер жөнінде пікір алмасты, ү.ж. 19 наурызда өткен сайлаудың қорытындыларына өз бағаларын берді, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев итальяндық саяси истеблишмент, сарапшылық және медиа қауымдастық өкілдеріне конституциялық реформаның іске асырылуы, елдің саяси жүйесін кезеңімен реформалау бойынша шаралар жөнінде айтып берді.

«Бір жылда елімізде «Жаңа Қазақстанды» құруға арналған ауқымы жағынан теңдесі жоқ және мазмұны жағынан бірегей реформалар жүргізілді. Нәтижесінде ел Конституциясының 98 бабының 33-іне, 7 конституциялық заңға, 15 кодекске және 29 заңға өзгерістер енгізілген былтыр жаздағы жалпыұлттық референдум осының куәсі» Ерболат Сембаев

Қазақстандық дипломат итальяндық саясаткерлер мен сарапшылардың назарын Парламент пен мәслихаттардың өкілеттіктерін күшейту, саяси партияларды құрудағы кедергілерді жою, Қылмыстық кодекстің жала жабу жөніндегі бабын қылмыссыздандыру, бейбіт шерулер туралы жаңа заң қабылдау, өлім жазасынан бас тарту, саяси партиялардың Парламенттің төменгі палатасына өту шегін 7%-дан 5%-ға дейін төмендету және т.б. реформаларға аударды.

«Жалпы, Қазақстан бет алған бағыт түсінікті - бұл демократияландыру, жаңғырту, саяси плюрализм, азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту және адам құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту. Елде жан-жақты жаңару процесі жүруде» Ерболат Сембаев

Өз кезектерінде «дөңгелек үстелге» қатысушылар Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қолдау білдіріп, олар туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Атап айтқанда, Италия Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Еуропалық Одақ саясаты жөніндегі 4-ші комиссиясының төрағасы Дж.Терци Қазақстандағы реформалардың барысына оң баға беріп, еліміздің жан-жақты жаңғырту мен демократияландыру бағытын таңдағанын атап өтті. Оның айтуынша, Президент Қ.Тоқаев ұсынған саяси реформалар бағдарламасы маңызды шараларды қабылдауға, оның ішінде парламент рөлін күшейтуге бағытталған.

Өз кезегінде Италия Парламенті Депутаттар палатасының депутаты Э.Розато Италияның Қазақстанның елді демократияландыру жөніндегі бастамаларына қолдау білдіретінін атап өтті. Оның айтуынша Италия стратегиялық серіктес ретінде Қазақстанмен экономика, мәдениет, денсаулық сақтау және т.б. салаларда ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті.

«Дөңгелек үстел» іс-шараға қатысушылардың Қазақстандағы реформаларға қатысты пікір алмасуымен аяқталды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -