Қазақстан – Франция: егіз қалалар арасындағы ынтымақтастық дамуға ниетті

2992

Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Қызылорда қаласының бауырлас қаласы Францияның Ножан-сюр-Марн қаласының мэрі Жак Мартэнмен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу кезінде екі өңірдің экономика, мәдениет, туризм және спорт саласында ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде Ножан-сюр-Марн қаласының мэрі Қызылорда қаласының әкімшілігін Францияға мәдени сапармен келіп кетуге шақырды.

Елші Ножан-сюр-Марн қаласына сапары аясында қазақ ұлтының қайраткері Мұстафа Шоқайдың мүсініне гүл шоғын қойып, құран бағыштады.

2021 жылғы 8 шілдеде Қызылорда қаласы мен Францияның Ножан-сюр-Марн қаласы (Иль-де-Франс өңірі) арасында бауырластық қатынастар орнату туралы келісімге қол қойылған.

Өткен ғасырда “Алашорда” қозғалысының қайраткері Мұстафа Шоқай Ножан-сюр-Марн қаласында 20 жылдай тұрған.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -