Базельде Наурыз мерекесі аясында қазақстандық этно-фольклорлық ансамбльдің концерті өтті

3003

Швейцарияның Базель қаласындағы «Zunftsaal» концерт залында Наурыз мерекесіне орай «Basel Infinity Festival» фестивалі аясында «Тұран» этно-фольклор ансамблінің концерті өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақ ұлттық киімдегі әртістер көрермендерге көне көмей ежелгі ән өнерін ұсынып, домбыра, қобыз, шан қобыз, жетіген, сазсырнай, сыбызғы, данғыр, қоңырау және т.б. халық музыкалық аспаптарында репертуар орындады.

Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы елшісі Қайрат Саржанов өзінің алғы сөзінде Қазақстандағы саяси өзгерістер шеңберінде дамудың жаңа дәуіріне кіруі жағдайында 2023 жылғы Наурыз мейрамының символизмін атап өтті.

«19 наурызда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы 2022 жылғы президенттік сайлау және Конституцияға енгізілген түзетулер бойынша бүкілхалықтық референдумнен кейін Қазақстанның мемлекеттік институттарын қайта жүктеудің соңғы кезеңін білдіреді» Қайрат Саржанов

Іс-шарада толық зал жиналды, оның ішінде Швейцарияның мемлекеттік құрылымдарының, академиялық және іскер топтарының, сондай-ақ Конфедерацияның түрлі кантондарында тұратын қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -