Алматыда анестезиологтар мен реаниматологтардың VI конгресі өтті

1993
Фотосурет: Depositphotos

Осы күндері Алматыда осы саладағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен анестезиологтар мен реаниматологтардың VI Конгресі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгінгі таңда анестезиология және реаниматология саласында заманауи технологияларды енгізу үшін, жалпы осы қызметті қарқынды дамыту және медициналық көмектің сапасын арттыру үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы"кодекстің талаптарын ескере отырып, анестезиология және реаниматология бойынша жаңа стандартты әзірлеуде.

Сонымен қатар, ведомство реаниматолог-анестезиологтардың тапшылығын жою бойынша шаралар қабылдайды, ол өңірлер бойынша 45-тен 80%-ға дейін құрайды. Қазіргі уақытта медициналық жоғары оқу орындарында "Анестезиология және ересектер, балалар реаниматологиясы" мамандығы бойынша 821 болашақ маман оқытылады, өткен жылы осы бейін бойынша медицина мамандарын шығару 169 адамды құрады, 2023 жылы 329 анестезиолог, 2024 жылы-323 маман шығару жоспарлануда.

 Конгресс алаңында "экстракорпоралдық детоксикация", "Акушерліктегі анестезиология және реаниматология", "Анестезиологтардың жұмысы мен біліміндегі жаңа технологиялар" сияқты өзекті тақырыптар бойынша пленарлық отырыстар өтті, онда Израильдің жетекші спикерлерінің баяндамалары ұсынылды. Дәріс тақырыптары тәжірибеші анестезиологтар мен реаниматологтар үшін өзекті және қызықты болды.

Сондай-ақ, конгресс жұмысының барысында шұғыл акушерлік жағдайларда қарқынды терапияның өзекті мәселелері талқыланды.

 Жетекші мамандар өз баяндамаларында медицинаның осы бағытында үлкен ілгерілеушілік бар екенін, тиісінше, тұрған міндеттердің деңгейі артып келе жатқанын және оларды шешуге жалпы көзқарас жетілдіруді қажет ететінін атап өтті. Форумға қатысушылар қауымдастық үшін проблемаларды көтеруге, проблемалардың сындарлы шешімдерін бірлесіп табуға және іс-қимыл алгоритмдерін жасауға мүмкіндік беретін осындай кәсіби алаңдар екеніне сенімді.

 "Анестезиолог — реаниматолог — бұл көп бейінді маман, сондықтан үнемі жаңа тәсілдер туралы хабардар болу өте маңызды, ал мұндағы ең жақсы нұсқа - осы немесе басқа заманауи жетістіктерді енгізген және сәтті қолданған әріптестермен қарым-қатынас жасау" ҚР ДСМ бас штаттан тыс анестезиологы, профессор Ағзам Шаймарданұлы Жұмаділов

 Форумның жұмысына Израиль, Украина, Түркия және Ресейден келген шетелдік сарапшылар қатысты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -