Қазақстандық оқушысы әлемнің ең үздік бес университетінен шақырту алды

2642

Атыраулық NIS оқушысы әлемнің ең үздік бес университетінен шақырту алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл туралы Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атыраудағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Асқар Альмухаметов әлемнің ең үздік 50 университеті қатарына кіретін бес жоғары оқу орнына шақырту алып отыр. Атап айтсақ, «The Ivy League», яғни, АҚШ-тың ең мықты 8 университетінің ассоциациясы құрамына кіретін «Columbia University», Америкадағы «University of California Berkeley» және «Georgia Institute of Technology», Кореядағы «Korean Advanced Institute Science and Technology», Канададағы «University of Toronto» университеттерінің Computer Science мамандығы бойынша. 

Мен осыдан 6 жыл бұрын NIS-ті таңдағаныма өте қуаныштымын. Өзіме осы жылдар бойы қолдау білдіріп, білім берген барша ұстаздарға, кураторыма, жалпы мектеп ұжымына үлкен алғысымды білдіремін. Асқар Альмухаметов

Десе де А.Альмухаметов қай оқу орнында оқитыны туралы әлі нақты шешім қабылдамаған. Өйткені әлі де шақыртулар келіп жатыр. Ал өзінің ойынша, АҚШ-тың экс-Президенті Барак Обама оқыған «Columbia University» университетінде білімін жалғастыру ойы бар.

Айта кетейік, ол халықаралық Apple компаниясының WWDC20 Swift Student Challenge атты байқауында жеңімпаз атанып, еліміздің IT компанияларында қызмет етіп те үлгерген.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -