Қазақстан – АҚШ: Екі ел арасындағы салалық әріптестікті дамыту

1999

Бүгін министрдің м.а. Дархан Қыдырәлі белгілі журналист, коммуникация маманы Маргерит Хокси Салливан мен АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында тараптар БАҚ саласы, баспасөз қызметінің әлеуетін арттыру, дағдарыс кезіндегі стратегиялық коммуникация, медиа этика мәселелері бойынша өзара пікір алмасты.

Сондай-ақ, екі ел арасындағы салалық әріптестікті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Айта кету керек, бүгін ҚР АҚДМ Қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен Маргерит Хокси Салливанның «Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» кітабының тұсаукесері өтті.

Сонымен қатар, 4-5 сәуірде кітап авторының қатысуымен, елордада баспасөз хатшыларына арналған арнайы семинарлар мен тренингтер өтеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -