ОПЕК+: Қазақстан үшін қысқарту тәулігіне 78 мың баррельді құрайды

2201
Фотосурет: Gov

Бүгін, 3 сәуірде бейнеконференция форматында ОПЕК+ бірлескен министрлік мониторингтік комитетінің 48-ші отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан атынан ҚР энергетика вице-министрі Асхат Хасенов қатысты, - деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

Отырыста елдер 2023 жылғы қаңтар-ақпандағы Келісім бойынша міндеттемелерді орындауы және мұнай нарығындағы ағымдағы ахуалды талқылады.

Қатысушы елдер 2022 жылғы 5 қазанда ОПЕК+ 33-ші министрлік кездесуінде қабылданған ағымдағы деңгейден 2023 жылғы мамырдан бастап жылдың соңына дейін өндіруді 4,7% - ға қысқарту туралы шешім қабылдады. 

Қазақстан үшін қысқарту тәулігіне 78 мың баррельді құрайды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -