"Тұран" фольклорлық тобы Париж сахнасында өнер көрсетті

3014

"Роза Бағланова атындағы Qazaq concert" мемлекеттік концерттік ұйымының және Art Ambassadeurs компаниясының ұйымдастыруымен, сондай-ақ Елшіліктің қолдауымен "Cortot" залында "Bridge of times" атты концерті өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Түркі әлемінің қайталанбас музыкалық бренді болып табылатын этно-фольклорлық "Тұран" ансамблі өзінің 15 жылдық мерейтойын Францияда беретін бірқатар концерттер аясында атап өтуде. Концертке концертмейстер Дина Мирманованың сүйемелдеуімен опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев та қатысты.

Сонымен қатар, концертте әйгілі композитор және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақтоты Райымқұлованың шығармалары орындалды. Іс-шараға Францияда тұратын диаспора, сондай-ақ өнер, саясат, дипломатия, ғылым қауымдастықтарының көптеген өкілдері қатысты.

Бұл ұмытылмас музыка мен эмоцияға толы кеш барлық қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Концерт Францияның басқа қалаларында, соның ішінде Бельфорда, Лионда және ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде жалғасады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -