Қазақстан – Канада: ынтымақтастықты кеңейтудің елеулі әлеуеті

2688

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру, сондай-ақ канадалық өндірушілерді, олардың инновациялары мен технологияларын Қазақстанға тарту мақсатында 2023 жылғы 29-30 наурыз аралығында ҚР Канададағы Елшісі А.Камалдиновтің Юкон аумағына ресми сапары өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сапар аясында Елші А.Камалдиновтың Юкон Лейтенант-губернаторы Анжелика Бернардпен, Уайтхорс қаласының мэрі (аумақ астанасы) Лаура Каботтпен, Юкон Премьері Рандж Пиллаймен, Юкон Энергетика, табиғи ресурстар және тау-кен министрі Джон Стрейкермен және канадалық компаниялардың басшыларымен кездесулері өткізді.

Сапар аясында Юкон компанияларының ұйымдастыруымен іскерлік дөңгелек үстел өтті, оған Юкон тау-кен палатасының, Юконның байырғы халықтар сауда палатасының, Уайтхорс сауда палатасының 30-дан астам өкілдері, сондай-ақ аумақтың мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты.

Іс-шара барысында канадалық тарап Қазақстан Республикасының ауқымды саяси және экономикалық реформалары, шетелдік инвесторлар үшін еліміздің инвестициялық ахуалы, оның ішінде өндірушілер мен экспорттаушылар үшін жеңілдіктер мен преференциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы реформалар туралы толық ақпарат ұсынылып, Қазақстан Республикасының тау-кен өнеркәсібі және Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қызметі таныстырылды. Мемлекетіміздің сирек жер және түсті металдар, «жасыл сутегі», экологиялық таза өнімдерді кейіннен көршілес елдердің нарығына экспорттау бойынша айтарлықтай экспорттық әлеуеті бар екені айтылды.

Жалпы, сапардың қорытындылары Юкон компанияларының Қазақстан Республикасымен табиғи ресурстар, тау-кен өнеркәсібі, көлік-логистика және туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай қызығушылық танытқанын растады. Елшілік Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарымен және ведомстволарымен қол жеткізілген келісімдерді пысықтауды жалғастырады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -