Бразилия Планетарлық одағының Президенті Қазақстанның жоғары наградасына ие болды

2743

Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі біздің досымыз-Бразилияның көрнекті саяси қайраткері, Бразилия Планетарлық одағының құрметті Президенті, «Қазақстан-Бразилия» Достық форумының Президенті, экс-Сенатор Улиссис Ридель мырзаны Қазақстан Республикасының жоғарғы наградасымен шын жүректен құттықтайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан-Бразилия қатынастарын нығайтуға әрі дамытуға қосқан зор үлесі үшін Ридель мырза екінші дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

Қазақстанның мемлекеттік наградасын салтанатты түрде тапсыру 22 наурызда «Наурыз мейрамы» ұлттық мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Елшілігінің қабылдауы барысында өтті.

Биыл Улиссис Ридель 90 жасқа толады және әлі де қоғамдық-саяси қызметпен белсенді айналысады. Біз оған зор денсаулық, амандық, сарқылмас қуат және одан әрі табыс тілейміз. Сондай-ақ, биыл Қазақстан мен Бразилия дипломатиялық қатынастарының орнағанына 30 жыл толуын атап өтуі тұспа-тұс келуде.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -