Қазақстан – Бразилия: Санта-Катарина штатының басшылығы ынтымақтастықты құптайды

3070

Санта-Катарина штатына жұмыс сапары аясында Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов аймақтың Вице-губернаторы Марилиса Боэммен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Келіссөздер барысында тараптар өңіраралық өзара іс-қимылды арттырудың басым бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, штаттың экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстанмен сауда, өнеркәсіптік өндіріс және ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ штаттың компанияларына «Қазақстан-Бразилия» Іскерлік кеңесінің жұмысында белсенді ынтымақтастық таныту ұсынылды.

Өз кезегінде, Вице-губернатор Қазақстанның Тұңғыш Құрметті консулдығының ашылуын ескере отырып, штаттың Қазақстанмен ынтымақтастығының кеңеюін құптады және бұл үшін бар күш-жігерін салатынына сендірді. Тараптар бір-бірін биыл Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтады.

Флорианополис қаласында Елші «FIN Brasil» Халықаралық бизнес –көрмесіне қатысып, оның директоры Жачир Ранзолинмен кездесті. Әңгіме барысында тараптар екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту және аймақтағы компаниялардың Іскерлік кеңестің жұмысына қатысуы жөніндегі диалогты жалғастыруға келісті.

Бразилиялық «WEG» компаниясының аймақтық директоры Сергей Мущенкомен кездесу барысында концерннің Қазақстандағы инвестициялық қызметін кезең-кезеңімен кеңейту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, бразилиялық тарап таяу және ұзақ мерзімді жоспарлар туралы ақпарат берді.

Санта-Катарина Бразилияның ең қарқынды дамып келе жатқан штаттарының бірі. Штат экономикасында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және соңғы уақытта қарқынды дамып келе жатқан қызмет көрсету салалары басым. «FIN Brasil» халықаралық көрмесі шетелде іскерлік белсенділігін кеңейтетін компаниялар мен кәсіби ұйымдарға арналған елдегі ең ірі бизнес-көрме болып табылады. Көрменің негізгі бағыттары: жаңартылатын энергия, құрылыс, денсаулық сақтау технологиялары мен инновациялары, ақылды қала, агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы болып табылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -