Оман Сұлтандығында Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы атап өтілді

4062

2023 жылғы 17-наурызда Елшіліктің қолдауымен Оманда тұратын қазақстандықтар Әз Наурыз мейрамын тойлады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мерекелік концерт аясында ұлттық дастархан жайылып, қазақ халық әндері мен күйлері, сондай-ақ танымал классикалық композициялар шырқалды.

Сонымен қатар, отандастардың арасында тоғыз құмалақ, арқан тарту сынды ұлттық ойындары ұйымдастырылды.

Арнайы стендте қазақтың ұлттық киімдері, тұрмыс заттары мен тағамдары, сондай-ақ зергерлік бұйымдары ұсынылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -