Қазақстан Елшілігі Омандағы дипломатиялық корпусқа Ауызашар берді

4091

2023 жылғы 29 наурызда Қасиетті Ораза айында Елшілік Масқатта аккредиттелген мұсылман және достас елдердің Елшілеріне, сондай-ақ Оман Сұлтандығының СІМ өкілдеріне Ауызашар ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Елші Н.Мұхаметәліұлы іс-шараға қатысушыларды Ораза айымен құттықтап, елдеріне игі тілектерін жеткізді.

Ауызашарға қатысушылар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалары туралы хабардар етілді.

Сонымен қатар, Ауызашарда Қазақстан мен Оман арасындағы өзара іс-қимыл перспективалары атап өтіліп, ынтымақтастықтың қазіргі деңгейі оң бағаланды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -