Қазақстан мен Индонезия екіжақты сауданы ұлғайтуға ұмтылуда

2512

Қазақстан Елшісі Данияр Сарекенов Индонезияның Сауда министрі Зулкифли Хасанмен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар өзара сауда көлемін ұлғайту перспективаларын, қазақстандық және индонезиялық тауарларды ілгерілету жөніндегі шараларды, Индонезия Сауда министрлігі өкілдерінің Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Индонезия бірлескен комиссиясының 2-ші отырысына қатысуын талқылады.

З. Хасан Индонезия жаңа нарықтармен, оның ішінде Орталық Азия және ЕАЭО елдерімен ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктерін қарастырып жатқанын атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстан мен Индонезия арасындағы сауданың оң динамикасына қанағаттанғандығын білдіріп, оны одан әрі дамытудың зор әлеуетін атап өтті.

Соңғы жылдары Қазақстан мен Индонезия арасындағы сауданың оң серпіні байқалуда. Егер 2021 жылы тауар айналымы 175,3 млн АҚШ долларын (+102%) құраса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 399,1 млн АҚШ долларына (+129%) жетті, ал ағымдағы жылдың 2 айында 85,7 млн АҚШ долларына (+68%) дейін өсті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -