Әзірбайжанда қазақстандық тауарларға сұраныс артып келеді

2564

Ағымдағы жылдың 4-6 сәуірінде Баку қаласында өткенсауда-экономикалық миссиясының қорытындысы бойыншақазақстандық компаниялар 55 млн доллар сомасынаэкспорттық келісімшарттар жасасты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Баку қаласында Қазақстан-Әзірбайжан Үкіметаралықкомиссиясының 19-шы отырысы қарсаңында QazTrade саудамиссиясын ұйымдастырды, оған түрлі бағыттар бойынша20-дан астам қазақстандық тауар өндірушілер қатысты: тамақ өнімдерін өндіру, металлургия және металл өңдеу, IT-қызметтер, химия, құрылыс өнеркәсібі және машина жасау. Әзірбайжан тарапынан 100-ден астам кәсіпорын сауда-экономикалық миссияға барды.

Қазақстандық бизнес өкілдері үшін екі елдің ұлттықкомпаниялары мен іскер топтарының қатысуымен В2В форматында екіжақты келіссөздер, ӘзербайжанРеспубликасының ірі сауда желілерімен жәнедистрибьюторларымен кездесулер ұйымдастырылды.

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі ҚайратТөребаев атап өткендей, В2В кездесулер Қазақстанныңбасқа елдермен сауда-экономикалық өзара іс-қимылыннығайтуға мүмкіндік береді.

«Қазақстандық кәсіпкерлерді Әзірбайжан нарығықызықтырады. Бірақ біздің өзара сауда әлеуетіміз тіптіжартылай пайдаланылмайды. Бұл Әзірбайжан нарығындақазақстандық тауарларға және Қазақстанда Әзірбайжантауарларына сұраныс бар екендігіне қарамастан. Біз үшіншіелдердің нарықтарын бірге игере аламыз. Сонымен қатар, біздің аумақтарымыз арқылы маңызды халықаралық көлікдәліздері өтіп жатыр» Қайрат Төребаев

Әзірбайжан тарапынан сауда миссиясы алаңында АР шағын және орта бизнесті дамыту агенттігінің, ӘзірбайжанРеспубликасының AZPROMO экспортты жәнеинвестицияларды ынталандыру агенттігінің және басқа да ірі компаниялардың топ-менеджмент өкілдері сөз сөйледі.

Бакудегі сауда-экономикалық миссиясыныңқорытындысы бойынша әзірбайжандықконтрпартнерлермен аккумуляторларды, табақты болатты, азық-түлікті жеткізуге арналған уағдаластықтарға қолжеткізілді. Бакуде жасалған келісімшарттардың жалпысомасы қазірдің өзінде 55 миллион долларды құрады. Кәсіпкерлер өз өнімдерін Әзірбайжанға жеткізу туралыкеліссөздер процесін жалғастыруда.

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауарайналымы 2022 жылы 461,9 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда39%-ға жоғары (332,2 млн доллар).

Қазақстаннан Әзірбайжанға экспорт 2022 жылы30,4%-ға өсіп, 375,3 млн долларды құрады.

Әзірбайжанға экспорттың өсуі мынадайтауарларды жеткізудің ұлғаюымен негізделеді: шикімұнай, бидай, мұнай өнімдері, рельстер, жүк жәнежүк-жолаушылар кемелері, паромдар және басқалар.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -