Қарағандыда корей ансамблі тағы да халықтық атағын растады

2552

Қарағанды Достық үйінде "Мугунхва" корей ансамблінің концертінде түрлі тілдерде әндер мен өлеңдер шырқалды. Көрермендерді қобыз және қаягым халық аспаптарындағы қазақ және корей әндерінің попурриі таң қалдырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қарағанды облысы корейлердің этномәдени бірлестігінің ұжымы Халық атағын тағы да растады.

"Мугунхва" халық ансамблінің есептік концерті өтті. Қарағанды облысының халықтық көркемөнерпаздар ұжымдарының аттестаттау комиссиясы мүшелерінің шешімімен ұжым 2003 жылы берілген "халықтық" атағын растады. Атақты растауға аттестаттау әр бес жыл сайын өткізіледі. Төртінші рет ансамбль өзінің лайықты екенін дәлелдеді. Достық үйінің сахнасында 2003 жылы осы атаққа ие болғандардың балалары мен немерелері өнер көрсетті. Қобыз мен қаягыда қазақ және корей әндерінің орындау арманым орындалды. Бұл идеяны жүзеге асыруға ҚР еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры Ғайни Болтаева көмектесті. Корейлердің облыстық этномәдени бірлестігінің төрағасы Лилия Ким

Жалпы жеңіс – әртістерді дайындайтын, сахнада өнер көрсететін және шығармашылық бастамаларды қолдайтын барлық адамдардың еңбегінің нәтижесі, деп атап өтті бірлестік басшысы.

Корей Халықтық билері заманауи k-pop стилімен ауыстырылды. Көрермендер самульноридің корей барабандарының дыбысын естіді. Ансамбльдің солисі Милана Ким қазақ тілінде "Алға, Қазақстан!” әнін орындпды.

"Мугунхва" – облыстық және республикалық фестивальдар мен конкурстардың белсенді қатысушысы. Ансамбльге музыкалық және екі би тобы, солистер мен оқырмандар кіреді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -