ҚР Мәдениет және спорт министрі «Орталық Азия-Үндістан» диалогының Мәдениет министрлерінің 1-ші кездесуіне қатысты

44902

2023 ж. 3 сәуірде ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов онлайн-режимде өткен «Орталық Азия-Үндістан» диалогының Мәдениет министрлерінің 1-ші кездесуіне қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл кездесуді үнді тарапы 2022 ж. 27 қаңтарда орын алған «Орталық Азия-Үндістан» саммитінің Дели декларациясына сәйкес ұйымдастырды.

Министрлік кездесу барысында Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы жақсы түсіністік үшін мәдени ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ, осы мемлекеттердің халықтарын біріктіретін ғасырлық мәдени байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды.

Іс-шара нәтижелері бойынша Диалог тараптары арасындағы мәдени саладағы өзара іс-қимылды тереңдету және арттыру мақсатында жұмыстарды жалғастыру уағдаластығына қол жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -