Қазақстан мен Гонконг арасындағы екіжақты қаржылық және инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары

5349

ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА-ғы Бас консулы А.Сейтақынов Hong Kong Invest бас директоры С.Филипспен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

HK Invest өкілдері Қазақстанға инвестициялар тарту бойынша қабылданып жатқан шаралармен және «Астана халықаралық қаржы орталығының» қызметімен танысты.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Гонконг арасындағы екіжақты қаржылық және инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша екіжақты байланыстарды нығайтуға келісті.

HK Invest - Гонконг Үкіметінің құрылымы, ол тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға жауап береді және Гонконг компаниялар мен бизнеске шетелде қызметтерін кеңейтуге қолдау көрсетеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -