Қазақстан-Тәжікстан: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық

4262

Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасының Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрі Шерали Кабирмен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында екі елдің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы, сондай-ақ өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын жандандыру, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорындар ашу мәселелері талқыланды.

Елші 2023 жылғы 10-12 мамырда Астана қаласында әлемнің 25 елінен 500-ден астам қазақстандық және шетелдік компаниялардың қатысуымен өтетін Өңдеуші өнеркәсіптің "Kazakhstan Industry Week" халықаралық көрмесі туралы хабардар етті, сондай-ақ тәжік делегациясын осы іс-шараға қатысуға және Тәжікстан Республикасының ұжымдық стендін ұйымдастыруға шақырды.

Тараптар өзара сауданың үдемелі дамуын қанағаттанушылықпен атап өтіп, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін үлкен әлеует бар екенін атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -