Омбы облысында «Ұрпақ үні» атты Х Аймақтық қазақ халық шығармашылығы фестивалі өтті

4308

Омбы облысының Павлоград ауданында «Ұрпақ үні» атты мерейтойлық Х Аймақтық қазақ халық шығармашылығы фестивалі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға Қазақстанның Омбыдағы Бас консулы, облыстық үкіметі, заң шығарушылық жиналысы, өңірдегі РФ СІМ өкілдері, сондай-ақ Омбы облысының муниципалдық аудандарының басшылары қатысты.

Жергілікті шығармашылық бірлестіктері мен облыстағы қазақ ұлттық мәдени ұйымдары жиналған қауымға қазақтың халық әндерін, қазақ композиторларының танымал шығармаларын, сондай-ақ ұлттық билері мен ауызша тараған халық шығармашылық туындыларын (термелер) ұсынды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -