Қазақстан – Латвия: Басты назарда – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

67122

2023 жылғы 6 сәуірде Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Тимур Примбетов Юрмала қалалық Думасының төрағасы Рита Спрогемен кездесті. Кездесуге сондай-ақ Дума төрағасының орынбасары Янис Лединьш және Балтық-Қазақстан экономикалық даму қауымдастығының басшысы Александр Видякин қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар Қазақстан-Латвия қатынастарының жай-күйі мен даму перспективаларын жан-жақты талқылап, Қазақстан мен Латвия арасындағы ынтымақтастық екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша сындарлы және үдемелі сипатқа ие екенін атап өтті.

Юрмала – бай және жан-жақты мәдениеті бар Балтық теңізінің жағалауындағы ең ірі және әйгілі курорттық қала екенін ескере отырып, кездесуде мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, туризм саласындағы өзара іс-қимыл, шипажайлық-курорттық емдеу мен демалыс мәселелеріне ерекше назар аударылды.  

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жақын арада ынтымақтастықтың жоғарыда аталған салаларында өзара тиімді байланыстар орнату бойынша нақты ұсыныстармен алмасуға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -