Швейцария Елшісі Қазақстандағы өз миссиясын аяқтауда

3461

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Швейцария Елшісі Дэвид Грихтингті еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандық дипломат Д. Грихтингке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғыс хатты табыстап, Швейцария Елшісінің Қазақстанда болған жылдары ішінде екіжақты саяси және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жөніндегі нәтижелі жұмысын атап өтті.

Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығының шарттық-құқықтық базасын кеңейту бойынша табыстар ерекше атап өтілді. Атап айтқанда, соңғы екі жылда үш үкіметаралық келісімге қол қойылды және күшіне енді (дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері үшін визасыз режим туралы, дипломатиялық өкілдіктер қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің ақылы еңбек қызметі туралы, бағалы металдардан жасалған бұйымдардағы сынамалық таңбаны өзара тану туралы).

Сонымен қатар, өткен жылдың желтоқсан айында швейцариялық «Stadler Rail» компаниясымен елімізде жолаушылар вагондарын жасау бойынша ірі ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойылды.

Сұхбат соңында Р. Василенко Д. Грихтингке алдағы қызметінде табыс тілеп, оның Қазақстанда көруге әрқашан қуанышты болатынын атап өтті.

Өз кезегінде Д. Грихтинг қазақстандық тарапқа қонақжайлылығы үшін алғысын білдірін, екі ел арасындағы одан әрі жемісті ынтымақтастықтың жалғасатынына үміт білдірді.

Швейцария Елшісі Қазақстандағы қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайы мен реформалардың жоғары динамикасын атап өтіп, бұл реформалар әлемдік қоғамдастықпен ынтымақтастық үшін де жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім артты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -