Қазақстандық телехикаяларды Netflix платформасында жариялауды жоспарлап отыр

4976

Бүгін Қазмедиа орталығында министр Дархан Қыдырәлі "Netflix" компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка өңірлерінің үкіметтерімен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Александр Лонгпен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында министр одан әрі ынтымақтастық туралы бастама көтерді.

Өз кезегінде, Александр Лонг Netflix компаниясы туралы айтып, жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдірді.

Бүгін «Netflix» компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка өңірлерінің үкіметтерімен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Александр Лонгпен кездестім. Кездесу барысында бірлескен ортақ жобалар жасау мәселелерін талқылап, өзара ой-пікір алмастық. Жалпы компанияның зор әлеуетін ескере отырып, серіктестік орнатуға мүдделі екенімізді жеткіздім. Алдағы уақытта қазақстандық өнімдерді Netflix платформасында орналастыруға ниеттіміз. Александр Лонг мырзаға соңғы жылдары сапасы артып, деңгейі өскен отандық сериалдар өндірісі туралы айтып бердім. Өздеріңізге белгілі, қазірде елімізде түсірілген сериалдар мен отандық контенттерге сұраныс артып, алыс-жақын шет елдерге сатыла бастады. Біз министрлік тарапынан сериалдарымызды халықаралық деңгейге шығару мақсатындағы жұмыстарды жалғастыра береміз. Дархан Қыдырәлі
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -