Қазақстан мен Қытай шекарада өткізу қабілетін талқылауда

4871

Өзара байланыс деңгейін арттыру және Қазақстан-Қытай өткізу пункттерінде өткізу мүмкіндіктері мәселелерін шешу мақсатында 2023 жылғы 25 наурыздағы Қорғас ШЫХО Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы (ҚР ҚМ МКК) Данияр Жаналинов және Бас кеден басқармасының партиялық комитетінің мүшесі - Бас кеден басқармасы басшысының орынбасары Чжао Цзэнлянь арасында қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес және қытай тарапының шақыруымен ҚР ҚМ МКК-нің төрағасы Д. Жаналинов басқарған қазақстан делегацияның "Хоргос" өткізу пунктіне сапары болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сапар шеңберінде қытай тарапының «Дулаты» және «Алашанькоу» өткізу пункттеріне бару жоспарланды.

Сапардың негізгі мақсаты - Қытай тарапының өткізу пункттерінің жұмысымен танысу, өткізу қабілетін арттыру мүмкіндігін қарастыру және шекарадағы проблемалық мәселелерді талқылау.

Сапар 2023 жылғы 10-11 сәуір аралығына жоспарланып отыр.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -