Көкжиектерді жақындастыру: Қазақстан мен Сингапур саяси аренада бірлескен перспективаларды талқылайды

2987

Қазақстан мен Сингапурдың сыртқы саяси ведомстволары арасында саяси консультациялардың 3-ші раунды өтті. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш, Сингапур делегациясын Сыртқы істер министрлігінің тұрақты хатшысының орынбасары Энг Тек Хин басқарды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қ. Тумыш Сингапур тарапын Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылуының 30 жылдығымен құттықтап, екі ел арасындағы өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға ниет білдірді.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты саяси диалог пен сауда, инвестициялар, білім беру салаларындағы ынтымақтастық және әлеуетті арттыру мәселелерін талқылады. Оларға 2023-2024 жылдары жоспарланған жоғары және аса жоғары деңгейдегі өзара сапарлар, оның ішінде жақын арада жоспарланған Сингапур басшысының Қазақстанға алғашқы сапары серпін береді.

Сондай-ақ, өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл қаралды. Сонымен қатар, сұхбаттастар шиеленістер, құбылмалылық пен турбуленттіліктің әлемнің барлық мемлекеттеріне әсерін ескере отырып, әлемдік аренадағы жағдай туралы пікір алмасты. Атап айтқанда, әңгіме барысында жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қозғалды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -