Тәжікстанда академик Қаныш Сәтбаевты еске алу шарасы өтті

2842

Тәжікстанның Геология, сейсмологиялық құрылыс және сейсмология институтында тәжік академиялық ғылымның қызметін ұйымдастыруға үлкен үлес қосқан, сонымен қатар бүкіл Орталық Азия аймағында геологиялық зерттеулермен танымал Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясының тұңғыш құрметті академикі, көрнекті қазақстандық ғалым Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов, Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Гүлчехра Кохирова, Тәжікстанның Геология, сейсмологиялық құрылыс және сейсмология институтының ұжымы, ғылыми қоғам мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар академик Қ. Сәтбаевтың Тәжікстандағы ғылыми еңбек жолын, қызметінің жоғары рөлін атап өтіп, 2024 жылы ғалымның 125 жылдық мерейтойына орайластырылған халықаралық конференция ұйымдастыру жөнінде ұсыныс білдіріп, екі ел ғалымдарының ғылым саласындағы ынтымақтастықты қолдауға және дамытуға дайындығын білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -