Қазақстанға саяхат: Кубадан көзқарас

2864

Кубадағы ең беделді және өзінің 295 жылдық даму тарихы бар Гавана университетінде «Қазақстан Республикасы: тарих және қазіргі заман белесі» тақырыбында Қазақстанға арналған конференция өтті. Іс-шараға Кубаның мемлекеттік органдарының, қоғамдық-саяси және академиялық топтарының, зиялы қауымның, осы оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері мен студенттерді қосқанда 150-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Конференцияны университеттің проректоры доктор Мариан Эрнандес ашып, өзінің кіріспе сөзінде іс-шараның мақсаты туралы қысқаша түрде айтып, әрі қарай қатысушыларға Қазақстанның Кубадағы Елшісі Андриан Елемесовты таныстырды.

Өз сөзінде Қазақстан Елшісі қатысушыларды ежелгі дәуірден қазіргі замандағы Қазақ еліне дейінгі қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының негізгі кезеңдерімен, ішкі және сыртқы саясаттың жетістіктерімен, елдегі қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік маңызды оқиғалармен таныстырды. Бұл ретте географиялық қашықтыққа қарамастан, Қазақстан мен Куба халықтарын жақындастыратын факторларға ерекше назар аударылды.

Аудитория, әсіресе университет студенттері Қазақстан туралы ақпаратқа қызығушылық танытып, сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

Сонымен қатар, конференция аясында университетте Қазақстан туралы, оның ішінде Астана көріністері, елдің мәдени-тарихи мұра объектілері, түрлі ұлттардың дәстүрлері, ұлтаралық бейбітшілік пен келісім, конфессияаралық диалог, көркем пейзаждар мен спортқа қатысты тақырыптардағы фотокөрме ұйымдастырылды.

Кубалық студенттік жастар арасында Қазақстанға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру мақсатында университеттің кітапхана қорына ел туралы кітап өнімдері сыйға тартылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -