Қазақстандық оқушылар NASA халықаралық байқауының жеңімпаздары атанды

2790

Алматыдағы физика математика-бағытындағы NIS оқушылары Рамазан Әміре мен Сымбат Барсағазы дайындаған «Aenoica» жобасы әлемнің үздік зымыран құрастырушыларының арасынан топ жарып, үздік атанды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жоба кураторы, 11 сынып оқушысы Райымбек Әбілбектің айтуынша, идея жаңа технологияларды енгізуге негізделген.

«Біз 300 мың тұрғынның үйіне айналатын станция құрып қана қоймай, кванттық коммуникацияларды, технологиялық дамыған агрокультураны пайдалана отырып, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін құрдық. Біздің жоба үздіктер қатарына енгеніне қуаныштымын» Райымбек Әбілбек

Ғарыштық қоныстар - бұл АҚШ-тың NASA ұйымдастырған 7-12 сынып оқушыларына арналған дәстүрлі байқау. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен оқушылар мен студенттер қатысып, еркін ғарыштық қоныс тұжырымдамасын әзірлеу үшін жұмыс істейді. Биыл байқауға әлем бойынша 30 мыңға жуық оқушы қатысып, алматылық оқушылар бірінші орынды иеленді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -