Қазақстан Бас прокуратурасы мен БҰҰ ЕҚБ ынтымақтастықты нығайтуды талқылауда

3079

2023 жылғы 12 сәуірде Бас прокуратурада Ашита Миттал ханым басқаратын БҰҰ-ның Орталық Азиядағы есірткі және қылмыс бойынша басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) өңірлік өкілдігінің делегациясымен кездесу өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бас Прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев БҰҰ ЕҚБ делегациясын қарсы ала отырып, өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту тұрғысынан сапардың маңыздылығын атап өтті.

Миттал ханым Бас прокуратураның Қазақстандағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі маңызды үйлестіруші рөліне назар аударды, адам құқықтарын қорғау саласында мемлекеттің қабылдап жатқан шараларын жоғары бағалады, кең ауқымды мәселелер бойынша сараптамалық көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу аясында Қазақстанның құқық қорғау органдары мен БҰҰ ЕҚБ-ның көптеген жобасын іске асыру бойынша бірлескен қызметтің нәтижелері талқыланып, ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары, оның ішінде азаптауға, адам саудасына, киберқылмыстарға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ қылмыстық активтерді қайтару тақырыбы бойынша мәселелер белгіленді.

Әсет Шындалиев адам құқықтарын қорғау және қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы бастамаларды іске асыру кезінде көрсеткен көмегі үшін БҰҰ ЕҚБ-ға алғысын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жүргізіліп жатқан жұмысты жалғастыру туралы келісіп, ынтымақтастықтың қосымша басымдықтарын айқындады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -