Күштер бірлестігі: Қазақстандағы азаптауға қарсы іс-қимыл

3097

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында азаптау мен тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін тергеп-тексеруді прокурорларға жүктей отырып (2023 жылғы қаңтардан бастап), оларды жоюды тапсырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осыған байланысты прокуратура органдары азаптаудың алдын алу үшін нормативтік және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша жұмыс жүргізуде.

Атап айтқанда, Ыстамбұл хаттамасының қағидаттарына сәйкес келетін азаптауларды тергеп-тексерудің әдістемесі әзірленді.

Құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп, қылмыстық процесте және жазаны орындау кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша азаптаулар туралы істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру нұсқаулығы, сондай-ақ міндетті бейнебақылау ережелері бекітілді.

Құқық қорғау және түзеу мекемелерінің «көрінбейтін аймақтарды» бақылау камераларымен жарақтандыру, сондай-ақ сотталғандардың жолданымдарын онлайн беру үшін терминалдар орнату жүргізілуде.

Сонымен қатар арыздарды тәулік бойы қабылдауды, жеткізу заңдылығына кенеттен тексерістер жүргізуді және басқа алдын алу шараларын қамтамасыз ететін Азаптауларға қарсы іс-қимыл бойынша бірінші кезектегі шаралар жоспары қабылданды.

Сонымен бірге прокуратура азаптаулардың алдын алу мәселелерінде құқық қорғау институттарымен тығыз өзара іс-қимыл жасасуда.

Енді прокурорлар мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл бірлескен күш-жігермен азаптауларға қарсы күрес жүргізетін болады.

Бұл туралы бүгін Бас Прокурор Берік Асыловпен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою кезінде хабарлады.

Оның мақсаты – тиімді шаралар қабылдау және ортақ ресурстарды пайдалану арқылы азаптаулар мен басқа да рұқсат етілмеген тергеу әдістеріне бірлесу және қарсы тұру.

Келісім шеңберінде тараптар бірлескен, оның ішінде өңірлік деңгейде де іс-шаралар өткізуге ниет білдіруде.

Атап айтқанда, азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзудың алғышарттарын анықтау және жою үшін қылмыстық қудалау органдары мен пенитенциарлық мекемелердің ғимараттарына бірлесіп бару, бұзылған құқықтарды қорғау және қалпына келтіру тетіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың жеке қабылдауларын ұйымдастыру, ақпарат алмасу және басқа да бірқатар шаралар жоспарлануда.

Меморандумға қатысушылар ортақ міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізуде әріптестік қатынастардың маңыздылығын, бұл құжат азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, оның ішінде азаптаулардың алдын алу мәселелерінде екі жақты ынтымақтастыққа жаңа серпін беретінін атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -