Қазақстан ДБ және ХВҚ көктемгі сессияларына қатысады

3114

2023 жылғы 13-15 сәуір аралығында ДБ және ХВҚ-ның дәстүрлі көктемгі сессиясы шеңберінде делегация басшысы, ҚР Ұлттық экономика министрі және Қазақстаннан Дүниежүзілік банктің басқарушысы Әлібек Қуантыров халықаралық қаржы институттарының және қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен, сондай-ақ халықаралық экономикалық қоғамдастық өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Атап айтқанда, ол ДБ Президенттігіне кандидат Аджай Бангумен, ДБ-ның Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша жаңа Вице-президенті Антонелла Басанимен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланады.

Сонымен қатар, Ә.Қуантыров АҚШ Сауда палатасында Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесінің мүшелерімен дөңгелек үстел жұмысына қатысады, сондай-ақ Standard&Poor's, Moody's және Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттіктерінің басшылығымен кездесу өткізеді.

Қазақстандық делегация ДБ және ХВҚ көктемгі сессияларына жыл сайын қатысады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -