Қазақстандық бастамалар ТМД СІМ Кеңесінің отырысында басты назарда

2074

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация Самарқанд қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отырыс барысында ТМД шеңберіндегі өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ Достастық алаңында көпжақты ынтымақтастықты жандандыру бойынша практикалық ұсыныстар қаралды.

Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті.

«Қазақстан түрлі салалардағы Достастық кеңістігіндегі интеграциялық процестерді жандандыруға және тереңдетуге ұмтылады» Мұрат Нұртілеу

Қазақстан СІМ басшысы отырысқа қатысушыларды еліміздің ТМД шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі дамыту тәсілдері туралы хабардар етті. Өткен жылдың қазан айында Астана өткен ТМД саммитінде ұсынылған Қазақстан Республикасының бастамаларын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Отырысқа қатысушылар саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған бірқатар шешімдер қабылдады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -