Қазақстанның Сыртқы істер министрі ТМД дағы әріптестерімен кездесті

2647

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен, Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Сергей Алейникпен, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиер Саидовпен, сондай-ақ ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедевпен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен келіссөздер барысында екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Атап айтқанда, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы халықаралық іс-шаралардың кестелері жан-жақты қаралды.

ТМД Бас хатшысымен Достастықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Өткен жылдың қазан айында Астанада өткен ТМД саммитінде Қазақстан Республикасының Президентіні Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын іске асыру барысына ерекше назар аударылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -