Сингапур мен Қазақстан инвестициялық байланыстарды нығайтуға бағытталған

2019

Қазақстан делегациясы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың басшылығымен жұмыс сапарымен Сингапур қаласына барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сингапурға делегацияның құрамында ҰЭМ, СІМ, ИИДМ, Алматы облысы әкімдігінің өкілдері болды. Сапар аясында Сингапур Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Лоуренс Вонгпен кездесу өткізіліп, онда инвестициялық, сауда және экономикалық мәселелер бойынша екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Сондай-ақ, Еңбек ресурстары министрі – Екінші сауда және индустрия министрі Тан Си Ленгпен әңгіме барысында екі ел арасындағы сауда қатынастарын кеңейту, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, инвесторлар үшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде қолайлы жағдайлар жасау мәселелері талқыланды.

Бұдан басқа, Temasek Оңтүстік шығыс азияның ірі холдингтік компаниясымен және Surbana Jurong консалтингтік компаниясымен G4 City жобасы шеңберінде тұрақты және инновациялық серіктес қалаларды құру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілді, олардың қорытындысы бойынша жобаны іске асыру кезінде сингапурлық инвесторлар мен заманауи технологияларды тарту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. G4 City жобасымен жұмыс шеңберінде осы жобаның қызметін реттеу үшін нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру бойынша құқықтық мәселелер пысықталды.

Сингапурлық тарап соңғы жылдары Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында қолайлы инвестициялық ахуал құруда елеулі прогреске қол жеткізілгенін атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -