Қазақстан мен Египет Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығын мерекелеуге дайындалуда

2541

Әл-Азхардың Бас имамы, шейх, доктор Ахмед ат-Тайеб Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Қайрат Лама Шарифті қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осыдан тура 9 ай бұрын, 2022 жылдың 13 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Азхардың Бас имамы, доктор Ахмед ат-Тайебпен кездесіп, оның барысында әл-Азһардың дәстүрлі ислам білімінің ордасы әрі діни экстремизмге қарсы іс-қимылдың негізгі орталығы ретіндегі ерекше рөлі аталған болатын.

Бүгінгі кездесу барысында Қазақстан Елшісі доктор Ахмед ат-Тайебті биылғы жылы Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығын тойлау аясында өтетін іс-шаралармен таныстырып өтті.

Әл-Азһар шейхі өз тарапынан Каирдегі «әз-Заһир Бейбарыс» мешітінің салтанатты ашылуына орай, сондай-ақ әл-Азһар университетінде Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция өткізу бойынша мүдделі мысырлық мекемелерге тиісті тапсырмаларын берді.

Қазақстан Елшісі әл-Азхардың Бас имамымен кездесті

Айта кететін жайт, мерейтойға қатысты 500-ден астам іс-шара ұйымдастыру жоспарланса, оның 50-ге жуығы халықаралық және республикалық деңгейде өткізілмек. Бұл іс-шаралар мәдени-ағарту және білім беру салаларында ұлы Сұлтан Бейбарыс мұрасын кеңінен насихаттауды көздейді. 2023 жылдың 24 ақпанында Астанада көрнекті қолбасшы Сұлтан Бейбарыс атындағы көше ашылды.

2023 жылғы 3 наурызда Премьер-Министрдің орынбасары А.Көлгіновтың төрағалығымен Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығын тойлау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Отырысқа Мәдениет және спорт министрі А.Оралов, Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Н.Жүсіп, Ғылым және жоғары білім, Ақпарат және әлеуметтік даму, Оқу-ағарту, Сыртқы істер вице-министрлері, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының және облыс әкімдерінің орынбасарлары, ЖОО ректорлары, тарихшы ғалымдар, шығармашылық зиялы қауым және Жазушылар одағының өкілдері және т.б. қатысты. Жиын қорытындысы бойынша Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойын тойлау жөніндегі іс-шаралардың жоспары талқыланып, бекітілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -