Қазақстан өзінің инвестициялық әлеуетін Hong Kong General Chamber of Commerce кездесуінде таныстырды

2842

2023 ж. 12 сәуірде ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА-ғы Бас консулы Алмас Сейтақынов Hong Kong General Chamber of Commerce (HKGCC) Бас директоры Джонатан Лампортпен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

HKGCC өкілдері Қазақстанның инвестициялық әлеуеті және бизнес ахуалымен танысты.

Өз кезегінде, Д.Лампорт HKGCC қызметі мен мүмкіндіктері туралы түсіндіріп, қазақстандық қаржы және сауда қауымдастықтарымен өзара іс-қимылды дамытуға дайын екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін екіжақты байланыстарды жалғастыруға келісті.

HKGCC 1861 жылы құрылып, Гонконгтың ең көне сауда-өнеркәсіп палатасы болып табылады және гонконгтың ірі компаниялары мен бизнесіне шетелдегі қызметін кеңейтуге ықпал етеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -