Дүниежүзілік Банк Қазақстанға энергоресурстардың бірыңғай нарығын құруға көмектеседі

3246

ДБ мен ХВҚ-ның жыл сайынғы көктемгі сессиялары аясында Орталық Азия елдерінің өкілдері және ДБ өңірлік директорларының қатысуымен «Орталық Азиядағы байланыс және электр энергиясының саудасы» атты кездесу өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара барысында қатысушылар Орталық Азия елдері арасындағы энергетикалық өзара байланысты жақсартуға бағытталған жобаны іске асыру және қаржыландыру жөніндегі ДБ бастамасын талқылады. Өңірлік жоба елдер арасында энергетикалық ресурстарды тең бөлу үшін бірыңғай пилоттық сауда алаңын (нарығын) құруды көздейді.

Ә.Қуантыров өз сөзінде атап өткендей, Банк бастамасы маңызды және уақтылы. Сондай-ақ, ол 2060 жылға қарай декарбонизацияға аймақтағы барлық елдердің жаңартылатын энергетикалық ресурстарды пайдалану арқылы қол жеткізуге болатынын айтты.

«Біз халықаралық инвесторлармен жел энергетикасы саласындағы бірнеше ірі жобаларды іске асыруды және ашық бәсекелестік тәжірибе арқылы жаңартылатын энергия көздерінің үлесін одан әрі ұлғайтуды жоспарлап отырмыз» Әлібек Қуантыров

Сонымен қатар, Ә.Қуантыров Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша Дүниежүзілік банктің жаңа вице-президенті Антонелла Басанимен кездесті.

Тараптар Дүниежүзілік банктің серіктестік кезеңінде көрсетіп жатқан көмегін, сондай-ақ Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу серпінін, елдің макроэкономикалық көрсеткіштерін және әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыру барысын талқылады.

Дүниежүзілік банкпен негізгі ынтымақтастық инфрақұрылымдық жобаларға, энергетикаға, білім беру жүйесін жаңғыртуға, цифрландыруға және т.б. салаларға бағытталуы тиіс, - деді министр.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -