Қазақстан сарапшылары ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы масс-медианың рөлін талқылады

2754

Бүгін ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында «Қазіргі әлемдегі азаматтық бірегейлік» тақырыбында «Көзқарас» талқылау алаңының отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы қарсаңында өткен іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, ҚХА төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен кафедралар қауымдастығының мүшелері, сондай-ақ сараптамалық қоғамдастықтың басқа да өкілдері қатысты.

Дархан Қыдырәлі өз сөзінде аталған бағыт бойынша қызметті жүйелі іске асыруда ғылыми-сараптамалық тәсілдің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар министр ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы жаңа коммуникация мен масс-медианың рөлі, ақпараттық кеңістікті ұтымды пайдалану арқылы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мәселелеріне тоқталды.

Жиын барысында спикерлер қазақстандық қоғам контекстіндегі азаматтық және этникалық бірегейліктің өзара байланысы, жастардың бірегейлігін қалыптастырудағы білім берудің рөлі, этностардың әлеуметтік интеграциясы, жаһандану мен заманауи технологиялардың азаматтық бірегейлікті қалыптастыру процесіне әсері секілді маңызды тақырыптарды талқылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -