Димаш Құдайберген Куба көрермендерінің жүрегін жаулап алуда

3557
Фотосурет: dimashnews.com

Кубаның Canal Clave атты  телеарнасында толығымен Димаш Құдайбергенге арналған бағдарлама шықты. Sueno Bonito музыкалық бағдарламасының премьералық шығарылымында әншінің өмірі мен шығармашылық жолы туралы айтылды.

Еске сала кетейік, бұл – Димаштың жанкүйерлерінің ерекше ықыласының арқасына Куба телеарнасында бірінші рет көрсетілуі емес.

Димашу посвятили программу на национальном телевидении Кубы

2020 жылдың мамыр айында Димаш алғаш рет Adagio әнімен Кубаның Cubavisión Ұлттық телеарнасының De la gran Escena («Ұлы сахна») бағдарламасында алғаш рет атап өтілген еді. Ал, араға бір жыл салып дәл сол бағдарламада Димаштың танымал Olimpico композициясы орындалды.

2023 жылдың 15 сәуірінде Димаш Куба теледидарында Sueno Bonito («Әдемі армандаңыз») музыкалық бағдарламасының шығарылымында қайта пайда болды. Бұл жолы қазақстандық талантты әнші Димаш Құдайбергенге 45 минуттық шығарылым арналды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Cuba Dears (@dimash_cuba_dears)

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -