Қазақстан және БРИКС: ынтымақтастықтың жаңа перспективалары

4028

Қазақстан Елшісі Еркін Ахинжанов Оңтүстік Африка Республикасының БРИКС жөніндегі арнайы өкілімен (шерпа) Анил Суклалмен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Дипломаттар Қазақстанның БРИКС-пен өзара іс-қимылының перспективаларын, соның ішінде Оңтүстік Африка Республикасының (2023 жылғы қаңтардан бастап) осы ұйымға төрағалық ету шеңберінде талқылады. Сонымен бірге олар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты негізде тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігін білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -