Корей депутаттары Қазақстандағы саяси реформаларға қолдау білдірді

4982

2023 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Дүйсенбаев Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеяның «Қазақстан - Корея» парламентаралық достық тобының Төрағасы У Вон Шик мырзамен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Елші 2022 жылғы сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың жоғары жетістіктері туралы айтып, Қазақстан Республикасындағы іске асырылып отырған саяси реформалардың барысымен таныстырды. Депутат У Вон Шик ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамаларына жоғары баға беріп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нығаятындығына сенім білдірді.

Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар 2023 жылға жоспарланған парламентаралық іс-шаралардың дайындық барысын талқылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -