Мәулен Әшімбаев: ТМД сейсмикалық қатерлерді болжау үшін күш біріктіруі тиіс

6246

Ү.ж. 14 сәуірі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының штаб-пәтерінде ТМД ПАА 55-ші жалпы отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отырысқа Достастық елдері парламенттерінің басшылары, серіктес халықаралық парламенттік ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қатысты.

Сенат басшысы ТМД аясында шығармашылық және ғылыми зиялылар форумын өткізу қажеттігін атап өтті.

«Зиялы қауым өкілдері арасындағы мұндай қарым-қатынас елдеріміз арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды сақтауға және дамытуға ықпал етеді деп ойлаймын» Мәулен Әшімбаев

Сондай-ақ, Қазақстан Сенатының төрағасы сейсмикалық қауіпті болжау және алдын алу бойынша күш-жігерді біріктіруді ұсынды.

«ТМД елдерінің аумағында сейсмикалық белсенді орындар көп. Сонымен қатар, біздің елдерде бұл салада айтарлықтай ғылыми әлеует жинақталған, сейсмологиялық, геофизикалық және басқа да деректерге мониторинг жүргізілуде. Менің ойымша, ТМД ПАА елдеріміздің сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылын арттыруда, жер сілкінісінің алдын алу бойынша бірлескен зерттеулер жүргізуде маңызды рөл атқара алады» Мәулен Әшімбаев

Қатысушылар экологияны қорғау мәселелері бойынша бірқатар маңызды заң жобаларын, сондай-ақ экономикадағы цифрландыру және жасанды интеллектті пайдалану процестерін реттейтін құжаттарды қарады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -