Консультациялар раунды: Қазақстан мен Қытай визалық режим мәселелерін талқылады

63855

Бейжіңде консулдық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Акатаевтың басшылығымен қазақстандық делегация консулдық мәселелер бойынша Қазақстан-Қытай консультацияларының 21-ші раундына қатысты.

Келіссөздер барысында консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың кең сұрақтары бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Атап айтқанда, тараптар екі елдің азаматтары үшін өзара қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқылады, сондай-ақ визалық режимді жеңілдету бойынша пікір алмасты.

Бейжіңдегі консультациялардың қорытындысы бойынша қазақстандық және қытайлық дипломаттар екі ел азаматтарының игілігі үшін консулдық саладағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге уағдаласты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -