Гонконгтағы бизнес-форум: Қазақстан инвестициялық мүмкіндіктер ұсынды

47212

Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері бойынша соңғы 6 жылда алғаш рет Гонконг қаласында бизнес-форум өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Форумға Гонконг Үкіметінің, жергілікті сауда-өнеркәсіп палаталарының өкілдері және сауда, қаржы, логистика, өнеркәсіп, азық-түлік өнімдерінің импорты және т.б. салаларда мамандандырылған компаниялар қатысты.

Іс-шара барысында «Kazakh Invest», Астана халықаралық қаржы орталығы, «QazTrade» және басқа да отандық ұйымдардың басшылығы сөз сөйлеп, қатысушыларды еліміздің бизнес климаты мен ҚР-дың инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды.

Форум қорытындысы бойынша Қазақстан мен Гонконгтың бизнес қауымдастығы тығыз қарым-қатынастарды орнатуға және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -