Алматы: Республикалық жедел-құтқару жасағының базасына Қытай Халық Республикасы ТЖМ делегациясы келді

4755

23 сәуірде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қытайдан келген әріптестерін қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу және танысу кезінде РЖҚЖ басшысы Владимир Цой жасақтың техникалық жабдықталуы туралы айтты.

Құтқарушылар сүңгуір жабдықтарын, радиациялық және химиялық-биологиялық қорғаудың техникалық құралдарын, авариялық-құтқару техникасын көрсетті. Әр түрлі төтенше жағдайлардағы жасақ жұмысының ерекшеліктері туралы айтып берді.

Делегация құтқарушылардың төтенше жағдайларға ден қою мүмкіндіктері мен дайындығын жоғары бағалады.

ҚХР ТЖМ министрінiң  орынбасары Сюй Цзяай жасақ басшысына естелік сыйлық табыс етіп, құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -