Қазақстан мен Пәкістан достық қарым-қатынастарын нығайтуда

3210

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш жаңадан тағайындалған Пәкістанның Қазақстандағы Елшісі Науман Башир Бхаттиден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қ. Тумыш Елшіні қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның алдағы қызметі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды әрі қарай дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Сұхбат барысында дипломаттар өзара қызығушылық тудыратын барлық салалардағы Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастығының, сондай-ақ көпжақты платформалар аясында оның жай-күйі мен келешегін талқылады.

Пәкістанның Елшісі екіжақты өзара іс-қимылды жандандыру үшін күш салу ниетін білдірді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы әріптестікті одан әрі нығайту үшін тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -