Цифрландыру сараптама институтына қалай көмектеседі: ТМД шеңберінде тәжірибе алмасу

3834

19 сәуір күні «Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» VI Халықаралық конференциясының аясында «Сараптама институтын цифрландыру тәжірибесі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Онлайн-пікірталасқа ТМД мемлекеттерінің, оның ішінде Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан мемлекеттерінің сараптамалық органдарының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел жұмысын Ресей Бас мемлекеттік сараптама бастығының бірінші орынбасары Вадим Андропов құттықтау сөзімен ашты.

«Бүгінгі таңда технология бәрімізді толғандырады, елдеріміздің сараптама жүйелерінде де елеулі өзгерістер орын алуда. Сондықтан, Білім және деректермен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесімен алмасу құрылыс саласындағы трансформация процестерінің барынша тиімді және ең аз тәуекелдермен өтуі өте маңызды» Вадим Андропов

Іс-шараға «Мемсараптама» РМК басшылығынан 6 адам қатысып, ақпараттық технология басқарма басшысы баяндама оқыды. Онлайн-пікірталас негізгі екі тақырыптан тұрды, «IT бөлімінің жұмысын ұйымдастыру» және «Сараптамадағы цифрлық құралдар». Кейін «сұрақ-жауап» форматында диалог ұйымдастырылып, қызықтырған сауалдарына жауап алды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -