Сұлтан Бейбарыс: мұсылмандар үшін қасиетті Мекке және Медина қалаларының қорғаушысы

4152

Атырауда Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгін Атырауда «Ұлы дала барысы – Бейбарыс сұлтан» атты Дешті Қыпшақ даласынан шыққан қайраткердің 800 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникацилар қызметі.

Халықаралық конференция Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өтті. Негізгі мақсат - даңқты қолбасшы, әмірші, көрнекті мемлекет қайраткері Сұлтан Бейбарыстың өмір жолын, мұрасын дәріптеу, зерттеушілер ортасының назарын аудару.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сұлтан Бейбарыстың өмір жолына байланысты деректермен бөлісті.

Бейбарыс бабымыз дінді ерекше ұстанған. Қос құрметті мекен Мекке мен Мадинаның қорғаны болған. Сол екі құрметті жердің қызметшісімін деп атаған. Яғни Сұлтан болып тұрған кезінде мұсылман еліне көмегін, қолдауын көрсеткен. Осы елдің өркендеуіне өзіндік үлкен үлесін қосқан. Осындай тұстарын ғалымдар жан-жақты баяндамада айтты. Қазақтың топырағынан көптеген ұлы тұлғалардың шыққаны баршамызға белгілі. Әлемге танымал тұлғалардың бірі – Сұлтан Бейбарыс бабамыз. Ағыдағы жылы маусым айында Мысыр елінде бабамызға арналған арнайы салтанатты жиын өтеді. Мысыр елінде бабымыздың салғызған мешіті бар. Сол мешіттің іші қазақтың оюларымен өрнектеп салынған. Қазірде ол сақтаулы. Күрделі жөндеуден өтті. Алла қаласа, келесі жылы мешітіміздің ашылуына арнайы делегациямен қатысу жоспарланып отыр. Бұл екі елдің Қазақ елі мен Мысыр елінің достығының үлкен бір нышаны болып табылады. Сондай-ақ, қыркүйек айында Алматы қаласында тәжірибелік конференция ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Наурызбай қажы Тағанұлы

Қазақстан, Түркия, Сауд Арабиясы елдерінің ғалымдары қатысқан конференцияда Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Бейбарыс бабамыздың Ислам тарихындағы және қазақ қоғамындағы орны туралы баяндады.

Сұлтан Бейбарыс тұлға, қайраткер ретінде атыраулықтар үшін ыстық. Өйткені көптеген тарихи деректерде Бейбарыс Сұлтан Атырау өңірінен Дешті Қыпшақ даласынан Беріш руынан деген дәйектер келтіріледі. Негізінен бұл Атыраудың өңірі Жайықтың бойын қазіргі биографиялық нысандарға сәйкестендіре келеді. Сондықтан Бейбарыс сұлтанды біздің атамыз деп ерекше мақтанамыз. Аталған конференцияның біздің өңірде, біздің ортада, біздің қоғамда өтуінің өзі ерекше. Конференцияға халықаралық деңгейдегі зерттеуші ғалымдар келіп отыр. Жаңа тарихи деректер айтылып, Сұлтан Бейбарыстың тарихтағы рөлін тағы бір еске салатындай мазмұнды шара өтуде. Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев

Іс-шара аясында Сұлтан Бейбарыстың өмір тарихына арналған ғылыми баяндамалар ұсынылды.

Сондай-ақ, мүфтият Дешті Қыпшақ даласының даңқты перзенті, Ұлы даланың барысы, Мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына орай Діни басқарманың төл басылымдары «Мұнара» газеті мен «Иман» журналы авторлар мен оқырмандар арасында «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ БАРЫСЫ – БЕЙБАРЫС СҰЛТАН» республикалық шығармашылық байқау жариялады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -