МКК тауарлар кодын іздеудің онлайн-сервисін іске қосты

3646
Фотосурет: CP

Кедендік рәсімдеуді жүргізу кезінде маңызды процестердің бірі кедендік төлемдерді есептеу, тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын айқындау, лицензиялар алу үшін пайдаланылатын тауарлардың кодын айқындау болып табылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тауардың дұрыс кодын таңдау – кедендік рәсімдеудің жылдам өтуінің кепілі. Тауар кодын дұрыс анықтамау кедендік төлемдер мен салықтарды дұрыс есептемеуге әкелуі мүмкін, бұл сыртқы экономикалық қызметке қатысушының беделіне теріс әсер етеді және әкімшілік жазаға әкелуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қызметін сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға барынша ыңғайлы етуге шаралар қабылдауда.

Осы мақсатта бүгінгі күні keden.kz сілтемесі бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға сыртқы экономикалық қызмет тауарлар номенклатурасының кодын іздеудің онлайн-сервисі ұсынылды.

Бұл сервис өзекті болып табылады және оны одан әрі жаңарту Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдері негізінде жүзеге асырылатын болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -