Қазақстан мен Челябі облысы экономикалық байланыстарды нығайтуда

3943
Фотосурет: Марина Власова

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаевтың Челябі облысына жұмыс сапары өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Облыс губернаторы Алексей Текслермен кездесу барысында өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелері талқыланды.

Тараптар өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін үлкен әлеует бар екенін мәлімдеді. Челябі облысының экспорты мен импортындағы Қазақстанның үлесі 25 пайызды құрайды. Ресей Федерациясының барлық субъектілерінің ішінде облыс Қазақстанға өз өнімдерін экспорттау бойынша Мәскеу мен Мәскеу облысынан кейін үшінші орында. Сонымен қатар, географиялық көршілік өзара көліктік-транзиттік әлеуетті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Кездесуге қатысушылар өңіраралық байланыстар шеңберінде, атап айтқанда, инвестициялық салада және өнеркәсіптік кооперация шеңберінде неғұрлым перспективалы бағыттар бойынша өзара іс-қимылды дәйекті түрде дамытуға келісті. Осы мақсатта Ермек Көшербаев Челябі облысының іскер топтарын Астанада өтетін "Kazakhstan Industry week" (10-12 мамыр) және "Иннопром Қазақстан" (26-27 қыркүйек) көрмелеріне қатысуға шақырды.

Сондай-ақ сапар барысында Елші Челябі облысындағы бірқатар кәсіпорындарды аралап, жергілікті қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті. Ең алдымен қазақ тілін үйренуге қатысты отандастарды толғандыратын өзекті мәселелер, бірлескен гуманитарлық жобалар қозғалды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -